Анна Данилина Ноттингем турнирінің ширек финалына шықты

Уақыты: 15.06.2023
Оқылды: 567

Әлемнің 24-ракеткасы Анна Данилина Ноттингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің ширек финалына шықты.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы ҚазАқпарат сайтына сілтеп хабарлайды.

Қазақстандық теннисші қытайлық Сюй Ифаньмен бірге аталмыш жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген.

Данилина мен Ифань бастапқы кездесуін америкалық Дезире Кравчик - швейцариялық Жиль Тайхманмен өткізді.

Қазақстандық-қытайлық жұп тартысты матчта 5:7, 6:2, 10:8 есебімен жеңіске жетті.

Сағат жарымнан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Данилина мен Ифань 1 эйспен бір 6 брейк-пойнттың екеуін пайдалана білді.

Олар жартылай финалға шығу үшін грузиялық Натела Дзаламидзе - америкалық Сабрина Сантамариямен таласады.

Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші ракеткасы Александр Бублик Хертогенбос (Нидерланд) жарысының екінші айналымында рейтингте 9-орында тұрған италиялық Янник Синнерге есе жіберді - 4:6, 2:6.

Фото: ашық дереккөзден