"Әлемді үш рет мойындаттым": Шавкат Рахмоновтың қарындасы тағы чемпион атанды

Уақыты: 19.06.2023
Оқылды: 830

Шавкат Рахмоновтың қарындасы әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.

Бұл туралы Сора Рахмонова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы. 

Сора Рахмонова NAIZA турнирінде Валерий Карыгинаны жеңгеннен кейін Астанада өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатына қатысты.

Астана төрінде өткен байрақты бәсекеде Шавкат Рахмоновтың қарындасы тағы да жеңіс тұғырынан көрініп, әлемнің үш дүркін чемпионы атанды.

«Әлем чемпионатымен қосқанда қоян-қолтық ұрыстан әлемді үш рет мойындаттым. Барлық жанашырларыма қолдау көрсеткені үшін рақмет», - деп жазды ол. 

Фото: NFC©️