"Енді Қазақстанның атынан өнер көрсетемін". Жүзуден Ресей чемпионы қазақ тілінде видео жариялады

Уақыты: 15.08.2023
Оқылды: 794

50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден Ресей чемпионы, 25 жастағы София Сподаренко Instagram-дағы парақшасында жаңа видео жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Сәлеметсіз бе! Менің атым - София Сподаренко. Өз аудиторияма ақыры бұл жаңалықты айтқалы отырмын, мен мұны жасырған жоқпын, бірақ барлық процесс аяқталғанша көпшілікке жария ете алмадым. Ал бүгін мен Қазақстанның атынан кәсіби спортшы ретінде өнер көрсететінімді қуана хабарлағым келеді".София Сподаренко

Спортшы әрі қарай қазақша сөйлеп, өзін Қазақстан атынан өнер көрсетуге рұқсат берген федерацияға алғыс айтты.

"Мені қабылдаған Қазақстан Республикасының су спорты түрлері федерациясына және барша қазақ еліне алғысымды білдіремін. Менің жанұям осы жерде туып-өскендіктен, мен қазір бойымдағы ең жақсы қасиеттердің қайдан дарығанын түсініп отырмын", - деді ол.

Сурет: instagram.com/sofyaspodarenko/