Баскетболдан әйелдер арасында Жетісу облысының чемпионаты аяқталды

Уақыты: 31.08.2023
Оқылды: 586

Талдықорған қаласындағы “Өркен” спорт кешенінде баскетболдан әйелдер арасында Жетісу облысының чемпионаты аяқталды. 

Жарысқа Ескелді, Сарқан, Кербұлақ, Қаратал, Көксу, Ақсу және Талдықорған мен Текелі қалаларының командалары қатысты. Үш күнге созылған чемпионаттың әрбір кездесуі тартысты өтті.

Талдықорған қаласының командасы барлық ойындар да шеберліктерін танытып, чемпион атанды. Екінші орында Ескелді ауданының құрамасы, ал чемпионаттың үшінші орнына Сарқан ауданының шеберлері көтерілді.

Алуа Оспанжан