Президент Тоқаев футболдан Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады

Уақыты: 11.09.2023
Оқылды: 645

Мемлекет басшысы футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын Еуро-2024 чемпионатының іріктеу кезеңінде Солтүстік Ирландия командасымен өткен матчтағы тарихи жеңісімен құттықтады.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.

«Жеңіс құтты болсын! Бүгін жақсы ойын болды. Шеберлік көрсеттіңіздер. Жұрт, бәрі риза», - деді Қ.Тоқаев.

 

Бейресми кездесуде футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыберген көрсеткен қолдауы үшін Президентке алғыс айтып, команда атынан доп сыйлады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы матчтағы жалғыз гол авторы Максим Самородовқа ризашылығын білдірді. 

Айта кетейік, Қазақстан - Солтүстік Ирландия матчы кеше, елордадағы «Астана - Арена» стадионында өтті.

Ойынды тамашалауға Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев пен кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин де келді.

Эмоцияға толы кездесу қазақстандықтардың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды. Ойындағы маңызды голды шабуылшы Максим Самородов салды. 

 Фото: Aqorda