Қазақстаннан екі бірдей жас теннисші әлемнің ТОП-100 қатарына кірді

Уақыты: 10.10.2023
Оқылды: 687

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жасөспірімдер арасында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, Әмір Омарханов пен Асылжан Арыстанбекова әлемдегі ТОП-100-дің қатарына кірді.

Оңтүстік Кореядағы ITF Juniors J300 турнирінде жеңімпаз атанған Ә.Омарханов бірден 100 сатыға көтеріліп, қазір 100-орында тұр.

Асылжан Арыстанбекова 101-ден 88-ге жоғарылады.

Сондай-ақ Айя Нұпбай 195-тен 159-ға шықты.

Дереккөз: Kazinform
Фото: Қазақстан теннис федерациясы