Елена Рыбакина Аустралиядағы жаңа жарыста кіммен кездеседі

Уақыты: 08.01.2024
Оқылды: 577

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аделаиде (Аустралия) WTA 500 турнирін екінші айналымнан бастайды, деп хабарлайды Kazinform.

Қазақстандық теннисші 8-13 қаңтар аралығында өтетін аталмыш жарыстың 1-ракеткасы болып тіркелген.

Елена Рыбакина екінші айналымда әлемнің 29-ракеткасы, италиялық Ясмин Паолини немесе іріктеу сайыстарынан қосылған, дүниежүзілік рейтингте 61-орында тұрған испаниялық Кристина Бучаның біреуімен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның байырғы қарсыласын жеңіп, Брисбен турнирінің жеңімпазы атанғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина қайтадан әлемнің үшінші ракеткасы атанды.

Фото: ҚТФ