Ауыр атлетикадан Азия чемпионатына кімдер қатысады

Уақыты: 11.01.2024
Оқылды: 513

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтетін ауыр атлетикадан Азия чемпионатына қатысатын қазақстандық спортшылар белгілі болды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

Құрлықтық дода 3-10 ақпан аралығында өткізіледі.

Оған әйелдер құрамасынан екі, ерлер құрамасынан бес спортшы қатысады.

Ұлттық құраам сапында әйелдерде Айнұр Әбдіхалықова (49 келі), Арай Нұрлыбекова (81 келі) жарыс жолына шығады.

Ал ерлерде Ақмолда Сайрамкез (67 келі), Әлібек Рақымберді (73 келі), Александр Уваров (81 келі), Сергей Петрович (96 келі) пен Кирилл Староверкин (96 келі) ел намысын қорғайды.

Фото: olympic.kz