Қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирде алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Уақыты: 15.01.2024
Оқылды: 528

Қазақстандық, әлемнің 184-ракеткасы Денис Евсеев Тенерифе (Испания) челленджер турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады, деп хабарлайды Kazinform. 

Іріктеу сайысының 1-ракеткасы болып тіркелген Д.Евсеев бастапқы кездесуін испаниялық Кенай Ортис Гонсалеспен өткізді.

Қазақстандық теннисші бірінші партияда 6:3 есебімен басымдық танытса, екіншісінде тіпті бет қаратқан жоқ – 6:0.

Бір сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Евсеев 2 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Қарсыласы 2 эйспен ғана шектелді.

Денис Евсеев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 309-ракеткасы, түркиялық Алтуг Челикбилек немесе рейтингіде 368-сатыдағы литвалық Вилиус Гаубастың қай жеңгенімен кездеседі.

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 262-сатыдағы Михаил Кукушкин бірден негізгі жарыста бақ сынайды. Оның қарсыласы – әлемнің 255-ракеткасы, америкалық Мартин Дамм.

Фото: Қазақстан теннис федерациясы