Жылдық жоспар сараланды

Уақыты: 03.03.2024
Оқылды: 401

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ұлан Рысқұлдың төрағалығымен алқа мәжілісі өтті. 

Мәжіліске аудандық, қалалық спорт бөлімдері мен спорт мекемелерінің басшылары,  бұқаралық спорт орталықтарының  жетекшілері және                        

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің Жетісу облысы филиалының төрайымы Сәуле Ахмадиева және облыстық дін істері басқармасының  «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығы» КММ директоры (дінтанушы) Дәулет Қазыкенов қатысты. 

Жиын барысында Ескелді  ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қапалбай Әділбеков және Кербұлақ ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Алмас Жапаров 2023 жылы атқарылған жұмыстары жайлы баяндады. Алқада бірқатар мәселе мен орын алған кемшіліктер туралы айтылды. Басқарма басшысы осы айтылған кемшіліктерді жоюды және алдағы уақытта мұндай мәселелерді болдырмау үшін тиісті жұмыстар жасауды қатаң тапсырды. Сондай-ақ, алдағы Париж Олимпиадасына қатысуға мүмкіндік алатын спортшылардың оқу-жаттығу жиындарын, жолдамаға қол жеткізуге барлық жағдай жасауды да назардан тыс қалдырмады.   

Алуа Оспанжан