Азия чемпионаты: Көркем жүзуден Қазақстан құрамасы чемпион атанды

Уақыты: 04.03.2024
Оқылды: 322

Филиппин елінің Нью-Кларк-Сити қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында көркем жүзуден Қазақстан құрамасы (13-15 жас) аралас топтық сайыста чемпион атанды.

Ел құрамасы сапында Милана Ашаханова, Карина Доценко, Сания Гибадуллина, Анжелина Горюшина, София Ищенко, Даяна Жаманшалова, Альбина Өмірсерікова, Варвара Снегирёва, Аяулым Жақпаева, Перизат Багаева өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшылар 204.6708 ұпай жинап, жеңіс тұғырына көтерілді.

Көркем жүзу. Қыздар. Аралас топтық сайыс

1.Қазақстан - 204.6708 ұпай

2. Өзбекстан - 183.5552

3. Таиланд - 124.9374

Фото: qaz_olympics