Сәкен Бибосынов қарсыласын нокаутқа түсірді

Уақыты: 04.03.2024
Оқылды: 424

Кеше қазақстандық боксшылар 2024 жылғы Олимпиадаға іріктеу турнирін бастады. Италиядағы жарыста Сәкен Бибосынов алғашқы жекпе-жегін өткізді.

Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

51 келіде өнер көрсететін Сәкен жарыстың 1/32 финалында гонгконгтық Там Чунь Хинмен жұдырықтасып, үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Енді екінші айналымда Бибосынов кениялық Каранджа Давид Мачариамен шығады. Қазақстандық боксшыға Олимпиадаға лицензия алу үшін кемі жартылай финалға жету керек. 

3 наурызда басталған Италияның Бусто-Арсицио қаласындағы лицензиялық турнир 11 наурызда аяқталады. Бұл жарыста ерлер арасында 28 және бұрымдылар арасында 21 лицензия ойнатылады.

Фото: instagram.com/sakenbibosinov