Алғысқа лайық аспаздар

Уақыты: 11.12.2017
Оқылды: 1239

Қарабұлақ ауылының «ВикториЯ» мейрамханасынан адамдар қарасы үзілмейді. Оның өзіндік сыры да бар. Өйткені, мұндағы тағамдар тіл үйірер дәмділігімен БІРГЕ бағасыНЫҢ да қолжетімділігімен ерекшеленеді. 

Келушілер көрсетілген қызметпен қоса тағамдардың дәмділігіне ризашылығын білдіріп, алғыс айтып жатады. Көпшіліктің сүйікті орнына айналған мейрамхананың ас үйінде өз ісін жетік меңгерген білікті аспаздар еңбек етеді. 

Басшылардың айтуынша,  екі ауысым бойынша тынымсыз тірлік етіп жатқан аспаздар тағамның түрлері мен сапасына аса мән береді. Мұнда ауысымдарды басқарып жүрген бас аспаздар  Алтынай Назарбаева мен Сандуғаш Әміренова – бірнеше жыл бойы табан аудармастан қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқан тәжірибелі жандар. Сонымен қатар, көмекшілер Сәуле Абинова, Кабира Ахетова, пісіруші Құралай Байсейітова, қытай мен ұйғыр ұлттық тағамдарын даярлаудың шебері Шалқарбек Құтанұлы және басқалары да  мінсіз қызметімен ұжым арасында құрметке бөленуде.
 
Шора БАТЫРБАЕВ.
Ескелді ауданы.