ЖЕТІСУДА ҚАНША ӨРТ ТІРКЕЛДІ?

Уақыты: 26.07.2023
Оқылды: 785

Өрт қауіпті кезеңінің басынан бастап Жетісу облысының аумағында 4 орман өрті және 70 дала өрті тіркелді, деп хабарлайды 7su.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.  


Ал Талдықорған қаласының аумағында үш ай ішінде жалпы ауданы 19 га құрғақ шөптің жануы орын алды. Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар басқармасының аға инженері Абзал Нұрталиев БАҚ өкілдерімен болған баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатында қала әкімі аумақтағы табиғи өрттерді сөндіру бойынша өзара іс-қимыл жоспарын әзірлеп бекітті. Оған сәйкес, дала өрттерін жою үшін құрамында 67 адамнан тұратын ерікті өрт сөндіру жасақтары құрылды. Сондай-ақ, 18 бірлік техника бекітілді», - деді Абзал Нартайұлы.

Спикер осыған байланысты азаматтарға төтенше өрт қаупі сақталған аймақтарда ашық отты пайдалануда сақ болуды, үйлер мен мекен-жайлардың жанында от жақпау, құрғақ шөп пен қамысты өртеуге жол бермеуді сұрайды.