Облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы тағайындалды

Уақыты: 15.01.2018
Оқылды: 1242

Алматы облысы әкімінің өкімімен Бисембаев Қайрат Әшірәліұлы Алматы облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Бисембаев Қайрат Әшірәліұлы - 1965 жылы туған. Білімі – жоғары. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, «Тұран» университетін және технология, құрылыс, сапаны бағалау және басқару университетін бітірген. Мамандығы –  инженер-құрылысшы, заңгер, сарапшы-бағалаушы.
Еңбек жолын «Тургайсельхозводопровод» мекемесінде шебер болып бастаған. Әр жылдары «Тургайсельхозводопровод» мекемесінде аға инженер-бактериолог, клуб меңгерушісі, кеңшар комсомол комитетінің хатшысы, ауылдық кеңес төрағасы, ауылдық округ әкімі, «Подгорный» АҚ құрама жем зауытының бастығы, «Бірлік және К» ЖШС директоры, облыстық лицензиялау орталығының бөлім басшысы, «Құрылысконсалтинг Ұлттық орталығы» ЖАҚ облыстық филиалының уәкілетті өкілі, директоры, Қаратал ауданы әкімінің орынбасары, ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттігінің сәулет-құрылыс бақылау департаментінің басқарма басшысы, директоры, Астана қаласы мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы қызметтерін атқарды.
2015 жылдың қаңтар айынан бастап Қаратал ауданының әкімі.