«Смарт Сити» тұжырымдамасы

Уақыты: 15.01.2018
Оқылды: 1244

Талғат Абылаев, TINFO (Талдықорған Инфо) интернет басылымының техникалық директоры:

– Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың ықпалымен еліміздегі ақпараттық технология саласы қарқынды даму үстінде. Осы жолғы Жолдаудағы «Смарт Сити» тұжырымдамасы дәл уақытында қозғалған мәселе. Ақпараттық және коммуникациялық технология арқылы мемлекеттік қызмет көрсету оңтайлана түседі. «Смарт Сити» тұжырымдамасы қала экономикасының өрлеуіне елеулі үлес қосады. Жаңа технология арқылы тұрғындардың өмір сүру сапасы артады. Қазіргі кезде неше түрлі гаджет, сенсорлы смартфон, «4G» интернет жылдамдығы сынды құрылғылар ақпарат ағынында ерекше орын алады. Талдықорған – «Смарт Сити» тұжырымдамасына өте оңтайлы ықшам қала. Осы орайда облыстық ішкі саясат басқармасында смарт технологияларға арналып сараптама орталығы ашылып, жұмыс атқаруда. Онда көптеген мобильді қосымшалар шығарудамыз. Бүгінде «Ақылды қала» тапсырмасына сәйкес жобамыз дайын. Алдағы уақытта жемісін береді деген сенімдеміз.