Экологиялық қауіпсіздік

Уақыты: 15.01.2018
Оқылды: 1170

Ләйлә Төлеуханова, Талдықорған қалалық №1 емханасының директоры:

– Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында он бағыттан тұратын негізгі міндеттерді айқындап берді. Сондай-ақ, халықтың әл-ауқаты жақсаруы үшін салауатты өмір салтын ұстанып, дені сау ұрпақ тәрбиелеуді міндеттеді. Денсаулық сақтау ісін аурудың алдын алуға бағыттау керектігін көрсетті. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықаралық тәжірибеге сүйеніп, созылмалы аурулардың алдын алу сынды өзектілігі жоғары мәселелерге тоқталған. Сонымен қатар, дұрыс тамақтану, спортпен айналысу, жастардың репродуктивті денсаулығын қорғау мен нығайту керектігін алға тартады. Облысымызда халыққа сапалы қызмет көрсету, медициналық көмек беру алдыңғы орында тұр. Жолдауда көрсетілген сырқаттардың алдын алу жөнінде арнайы бағдарлама қолға алынып, өз жұмысын бастап кетті. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды халыққа түсіндіру жұмыстары жалғасын табуда. Біз, медицина саласының мамандары, Президент Жолдауына қолдау білдіреміз және онда көрсетілген міндеттерді орындау үшін қолымыздан келгенше нәтижелі жұмыс істейміз.