аграрлық ғылым

Уақыты: 15.01.2018
Оқылды: 1131

Кирилл Павлов, «Байсерке-Агро» ЖШС директорының орынбасары:

– Биылғы Жолдауында Қазақстандағы барлық саланың дамуына тоқталған Елбасы әсіресе, агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту жөнінде нақты міндет жүктеді. Өз сөзінде: «Бес жыл ішінде агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін және өңделген ауылшаруашылығы өнімінің экспортын, тиісінше, кем дегенде 2,5 есеге арттыруды тапсырамын», – деді. Өзім қызмет атқаратын «Байсерке-Агро» ЖШС көпсалалы агрохолдинг ретінде әртүрлі бағыт бойынша жұмыс істеуде. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев аграрлық ғылымды дамыту мәселесіне тоқталып, жаңа технологияны енгізуді де назардан тыс қалдырмаған. Бұл жөнінен біз еліміздегі алдыңғы қатардан көрініп келеміз. Ғылыми-өндірістік оқу орталығында арнайы ғылыми жобаларды іске асырып, академиктермен бірлесе көптеген жетістікті бағындырудамыз. Сүт пен ауылшаруашылығы өнімдерін кең көлемде шығарып жатырмыз. Аграрлық сала мамандарын ел экономикасын дамытуға шақырамын. Барлығы өзімізге байланысты және бәрі қолымыздан келетініне сенімдімін.