Талдықорған: +35°C
$ 469.59
€ 536.22
₽ 5.96
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Әділеттілік болуы тиіс

25.02.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Қасиетті келісім

kazislam.kz

WhatsAppTelegramFacebook

Халқымыздың ғасырлар бойы сақтаған асыл құндылығының бірі – әділдік, адалдық, туралық сынды ұстанымдар. Баласы мен немересін «ешкімнің ала жібін аттамауға» үйреткен ақсақалдардың айтқан сөзін әрбір ауылдан табуға болады. Міне, сондықтан да біздің қоғам әділетті болуы тиіс. Себебі, атадан мұраға мал қалмаған, тал қалған. Кішкентай кезімізден әке-шешелеріміз құлағымызға құйып тастаған құндылықтар осы күні мінезге бітіп, сүйекке сіңіп қалғанын байқап жүрміз.Әлеуметтік желіні ашып қалсаң Конституцияға енгізілуі тиіс өзгертулерге қатысты нешетүрлі пікір, санқилы ой лық етіп төгіле кетеді. Алайда олардың бәрі әділеттілікті ұстанады деп айта алмаймыз. Бір анығы алдағы 15 наурызда өтетін референдум 1991 жылдан бері салынған 196 өзгерту мен толықтыруға қарағанда қазір ерінбегеннің ермегіне айналып отыр. Шыны керек, алғашқы Конституция әжептәуір дұрыс еді. Бірақ уақыт өте енгізілген өзгерістер биліктің мүддесіне жұмыс істегені белгілі. Енді қазіргі жағдайдағы жаңа Конституцияны өзгертуге толық қосыламын әрі қолдаймын!

Міне, осы тұрғыдан алғанда 1991 жылдан бері енгізілген өзгерістердің масқаралығын ашудың орнына енді дұрыстала бастаған Ата Заңдағы мемлекеттік тіл мәселесін талқылау қаншалықты дұрыс? Меніңше бізге қазір елдің тыныштығы керек. Бүлікке ілескендердің соңы қалай болып жатқанын бүгінгі геосаяси жағдайдан анық байқап отырмыз. Бір ғана 2022 жылғы қаралы қаңтар бізге сабақ болуы тиіс еді. Оны оп-оңай ұмыта салдық. Ендеше алдағы күніміздің ашық, болашағымыздың баянды, келешегіміздің кемел болуы үшін мемлекеттік мәселелерге аса жанашырлықпен қарау керектігін естен шығармауымыз қажет.

Әрине, ел болған соң түрлі пікірдің айтылуы заңдылық. Оның бірі теріс, бірі оң болады. Бірақ теріс пікірдің өзі әділетті болғанда ғана жанашырлық орнайды. Сол себепті, айтар сөзіміздің өзін турашылдық, әділдік безбеніне бір өлшеп алуымыз керек секілді. Әйтпесе, «шөп те өлең, шөңге де өлең» дегендей жаппай қаралау болып кетуі бек мүмкін. Ендеше, ауыздан шығар әрбір сөзімізге мұқият болайық ағайын!

Ел ішіндегі жастармен, зейнеткерлермен кездескен сайын алдағы саяси науқанға белсенділікпен қатысуды алдымен айтатын болдық. Өйткені, 15 наурызда өтетін референдумға бір адамдай қатысу керек. Үйде жатып: «Ой, бізсіз де шеше салады» – деген кертартпалықтың кезеңі өткен. Әр адам өз көзқарасын білдіргенде ғана қоғам алға жылжып, тұрғындардың саяси ұстанымы беки түседі. Бұл дамыған мемлекетке тән үрдіс. Сол биіктен көрінуді нәсіп етсін!

Ақшабай Керімбеков,
Талдықорған қалалық
ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Қатысты жаңалықтар

Талдықорғанда этнокітапхана ашылды

Талдықорғанда этнокітапхана ашылды

22.07.2026
Қазақстанда егде жастағы жүргізушілерге талап қатаңдайды

Қазақстанда егде жастағы жүргізушілерге талап қатаңдайды

22.07.2026
Жалған банкноталар таралып жатыр: Ұлттық Банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Жалған банкноталар таралып жатыр: Ұлттық Банк қазақстандықтарға ескерту жасады

22.07.2026
Жыл соңына дейін пойыздар интернетпен қамтылады

Жыл соңына дейін пойыздар интернетпен қамтылады

22.07.2026
Қазақстанда алғаш рет риелторлар сертификатталады

Қазақстанда алғаш рет риелторлар сертификатталады

22.07.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.