Талдықорған: +15°C
$ 448.98
€ 502.45
₽ 5.45
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
Advertisement
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР ЭКОНОМИКА

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Жетісу облысына 3,2 млрд теңге бөлінеді

28 мамыр 2023
ЭКОНОМИКА
«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Жетісу облысына 3,2 млрд теңге бөлінеді
WhatsAppTelegramFacebook

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында Жетісу облысына ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту мақсатында 3,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгіновтің Кербұлақ ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы turkystan.kz сайтының ақпаратына сүйеніп.

Бағдарламаға қатысуға Жетісу тұрғындарынан 550-ге жуық өтініш түскен, олардың 90%-ға жуығы мал өсірумен және сүт өндірісімен айналыспақ. Мал шаруашылығы бойынша жобаларын ұсынған тұрғындар кооперация құруды жоспарлап отыр.

«Қауымдастық 27 млн ​​теңге көлемінде несие алуға көмектеседі, ал ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынған жағдайда, оның 50%-ын мемлекет субсидиялайды. Кооперация арқылы жем-шөпті бірлесе сатып алуға, дайын өнімді сатуға, есеп шот жүргізуге болады», – деді Алтай Көлгінов.

Кербұлақ ауданы туристерге, әсіресе шетелдік туристер үшін тартымды өңір. Сол себепті белсенді ауыл тұрғындары туристік жобаларды да ұсынып отыр.

Өңірдің қант қызылшасын өсіруге әлеуеті жетерлік. Еліміздің бірнеше аймағында қант қызылшасы өсірілгенімен, әр маусым сайын қант тапшылығы сезіледі. Мұның алдын алу үшін, жеке меншіктегі ірі шаруа қожалықтарымен бірлесіп, осы бағытты дамытуға зор мүмкіндік бар.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүт тауарлы фермалар сынды негізгі жобаларға қолдау көрсетіледі. Бұл, өз кезегінде, тұтынушыларды елімізде өндірілген сүтпен қамтамасыз етеді.

«Мемлекет басшысы бекіткен «Ауыл аманаты» бағдарламасының мақсаты – ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту. Бүгінде республика бойынша ауыл-аймақта 18 мыңнан астам жеке қосалқы шаруашылық құру үшін 100 млрд теңге бөлінді. Бұл бірегей бағдарлама арқылы ауыл тұрғындарына 2,5%-бен 8 млн теңгеден астам несие беріледі. Өңірдің ауыл шаруашылығы саласы бойынша зор әлеуетін ескере, оны әрі қарай дамыту өте маңызды», – деп атап өтті Премьер-Министрдің орынбасары.

 Фото: primeminister.kz

Қатысты жаңалықтар

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Жетісуда Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай мерекелік безендіру жұмыстары басталды

Бүгін, 17:54
Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Қазақстандықтар Тәуелсіздік күнінде қалай демалады?

Бүгін, 17:22
Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Жетісу тұрғыны төртем дүниеге әкеліп, 7 баланың анасы атанды

Бүгін, 17:15
Қаратал жұмысы қарқынды

Қаратал жұмысы қарқынды

Бүгін, 16:45
«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

«Әділет» партиясы су үнемдеу технологияларын қолдану көлемін арттырады

Бүгін, 15:55

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Веб-сайт редакторы: Асыл Сұлтанғазы

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӘЛЕУМЕТ
  • ЭКОНОМИКА
  • САЯСАТ
  • РУХАНИЯТ
  • КҮЛТӨБЕ
  • БАСҚА
    • АЛТЫН ТҰҒЫР
    • АНАЛИТИКА
    • АРДЫҢ ІСІ
    • АРНАЙЫ ЖОБА
    • ДЕНСАУЛЫҚ
    • КҮНДЕРЕК
    • МІНБЕР
    • ПРЕСС-РЕЛИЗДЕР

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.