Сенсеңіз, Жетісу облысында орташа жалақы 250 мың теңгеден асыпты. Тіпті, 2022 жылдың төртінші тоқсанының қорытындысы бойынша Жетісу өңірінде орташа жалақы 250 593 теңгені құраған.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық статистика департаментінің басшысы Марат Бөкенов жеткізді.
«Халықтың ақшалай кірісі 100 пайызды құрайды. Оның ішінде жұмыстан түскен табыс – 69,1%. Жалдамалы жұмыстан түскен табыс 57,8 пайыз. Былтыр өңір тұрғындарының жалақысы 250 мың теңгеден», – дейді Марат Бөкенов.
Сала басшысының айтуынша, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы 70 000 теңге делінсе. Бұл ретте қызмет көрсету саласының өкілдері, әдетте, облыс және Қазақстан Республикасы бойынша орташа деңгейден айтарлықтай төмен жалақы алады.
Фото: ашық дереккөздерден
«ЖЕТІСУ» АҚПАРАТ





