Талдықорған: +29°C
$ 456.88
€ 534.64
₽ 5.47
  • Комплаенс қызметі
  • Сыбайлас жемқорлық картограммасы
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
жазу
No Result
View All Result
Writy.
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
    • Алтын қол
    • Ардың ісі
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Дін мен дәстүр
    • Екі тізгін
    • Жансарай
    • Жас қалам
    • Ізгілік ізі
    • Күлтөбе
    • Күндерек
    • Құқық-заң
    • Мереке айшығы
    • Мінбер
    • Он саусақ
    • Руханият
    • Саясат
    • Таным-таразы
    • Түпсана
    • Ұлт ұяты
    • Экономика
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
No Result
View All Result
No Result
View All Result
Басты бет ЖАҢАЛЫҚТАР

Кел, балалар, оқылық

22.08.2026
ЖАҢАЛЫҚТАР
Кел, балалар, оқылық
WhatsAppTelegramFacebook

Қазақстан Республикасының Үкіметі: Халықтың әртүрлі санаттары, оның ішінде балалар мен жастар арасында кітап оқу мәдениетін дамыту және кітап оқудың орнықты дағдыларын қалыптастыру жөніндегі шаралар кешенін іске асыруды қамтамасыз етсін.

Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ
ҚР Президенті

Телефонға телміріп, алтын уақытын ұрлатып, ең қымбат сәттерін түкке алғысыз дүниелермен жоғалтып жатқандар қаншама?! Еңбектеген баламыздан, еңкейген қартымызға дейін санамызды ғаламторға торлатып, «смартфон» дейтін шырмауыққа шырмалып жатсақ та селт ете қоймайтын күнге жеттік. Солай екен деп қамсыз отыра беруге тағы да болмайды. Бейсағамның, Бейсен Құранбектің «ҚАРЕКЕТ ЕТ, БАУЫРЫМ!» деген сөзін темірқазық етіп, «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі жобасымен жолға шыққанбыз. Мақсатымыз – мектеп оқушылары арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. «Тәуекел түбі – желқайық, мінесің де өтесің. Уайым түбі – тұңғиық, батасың да кетесің» дегенді аталарымыз қалай дәл айтқан. «Жас та, кәрі де, үлкен-кіші бәрі де кітап оқымайтын болды» деп уайымға беріліп, отыра бергенше қарекет қылайық деп тәуекелдің желмаясына мінгенімізге бүгін қуанып отырмыз.

«Мизамның» жас достарымен танысып, өз кеңістігінде із қалдырып келе жатқанына бір жарым жылдан асты. Осы уақыт ішінде 5-сынып пен 10-сынып арасындағы қаншама оқушы рухани қазынамен қауышты. Кітаптың формасы төртбұрышты екенін, жұқалы-қалыңды парақтардан тұратынын білгенімен оның ішіндегі асыл мұрадан бейхабар оқушылармен де бетпе-бет келдік. Ондай баланың кеудесіндегі сыр сандықтың кілтін табу оңайға түспеді. Патшаның күллі байлығының саудырлаған кілті қолында тұрған қазынашысындай болдық. Ол үшін әр есікті шатаспай ашуымыз керек. Құлыпқа дәл келіп тұр деп, күшке салып, бұрап жіберсек, кілтті сындыратынымыз белгілі. Сондықтан бала көкірегінің құлыбына өз кілтін дәл табуға тырыстық. Нәтижесінде сыр сандығы ашылып, ішінен нұры шашалып, қаншама оқушы кітап әлеміне бет бұрды.

Сөйтіп, «Мизаммен» қимас дос болған, кітап оқып, көңілі хош болған, осы сапарда қатардан қалмай бірге келе жатқан шәкірттеріміз көбейді. Солардың бірі – Сарқан ауданының сайыпқырандары. Бүгін сол өңірдегі ең үздік бірнеше оқушымыз «Jetisý» газетінің төрінде ой-пікірлерімен бөліспекші. Көз қырыңызды сала кетіңіз!

СИҚЫРЫ БӨЛЕК СЫРЛЫ ӘЛЕМ

Менің есімім – Жанайым. Мен «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебінің шәкіртімін. Дәл осы сиқыры бөлек сырлы әлемге жетелеген қос ұстазым – Жұматай ағай мен Мұхтар ағай болды.

Жан-жағымда бірі өзіммен қатарлас, енді бірі кіші оқушыларға толы еді. Бар-жоғы бес-ақ күнде біз тәртіп, жоспар, қадам, уақыт, білім, ұлы тұлғалар, өлең жазу, жылдам оқу жайлы сабақ алдық. Қазір мен біраз дүниені білемін. Бірақ мұның бәрін үйреткен тек екі ағайымыз ғана емес. Себебі ол кісілер біздің жанымызда небәрі бес-ақ күн жүрді. Бұл біліміме себепші – кітап.

Ағайларымыздың мақсаты – Жетісу облысының балаларын оқыту ғана емес, барлық қазақ халқының балалары оқысын, білім алсын деген жанашырлығы еді. Өйткені білімнің бәрі қайда? Әрине, кітапта!

Бірақ «Білгенім – бір тоғыз, білмегенім – тоқсан тоғыз» демекші, мен әлі де әрі қарай дамып, білімімді шыңдауым керек.

Нәтижеге жету жолында ағайларымыз көрсеткен ұстаным бар. Алдымен бір кітапты бітіру керек деп ниеттендік. Одан соң мақсат қойдық. Мақсатқа жету үшін жоспар құрдық. Бұл жоспардың орындалуы үшін үздіксіз әрекет еттік, яғни тәртіп сақтадық. Соның нәтижесінде кітапты аяқтап, мақсатымызға жетуді меңгердік.
Кітап – адамзаттың ең құнды байлығының бірі. Ол адамға білім беріп қана қоймай, ой-өрісін кеңейтеді, дүниетанымын тереңдетеді, жақсы әдет қалыптастырады. Кітап оқитын адам жаңа ақпарат алып, өз ойын еркін жеткізуге үйренеді. Қазіргі таңда технологияның дамуына байланысты көптеген адам бос уақытын телефонмен өткізеді. Дегенмен, кітаптың орнын ешбір құрылғы алмастыра алмайды. Кітап оқу адамның есте сақтау қабілетін жақсартып, қиялын дамытады және дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Мен үшін кітаптың маңызы ерекше. Әр оқылған кітап маған жаңа білім мен жаңа тәжірибе сыйлады.

Қорытындылай келе, «Мизам» мен үшін тек әдеби мектеп емес, өмірге деген көзқарасымды өзгерткен үлкен рухани орда болды. Ол маған кітаптың құндылығын, мақсат қоя білуді, жоспармен әрекет етуді және тәртіптің маңызын үйретті. Алдағы уақытта да осы ұстанымдардан таймай, кітаппен бірге өзімді дамытып, білімімді шыңдай беремін. Себебі нағыз жетістік – үздіксіз ізденіс пен еңбектің нәтижесі.

Жанайым Тынысқызы,
Көкөзек орта мектебінің оқушысы

ШАБЫТ ПЕН СЕРПІН АЛАҢЫ

«Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі мені ерекше тылсым әлемге жетеледі. Әр сабағы шабыт пен серпін алаңы болған «Мизамның» арқасында мен әдебиетке жаңаша көзқараспен қарай бастадым. Әдебиет – жанр да емес, сала да емес, ол – өткеніміз, бүгініміз және болашағымыз. Адам болып қалыптасып, сол кейіпте қалуымызға, тарихтың парақтарын ақтарып, болашаққа тіке қарауға, қазіргі өмірден рухани ләззат алуға үйрететін құрал. Эстетиканың шыңы және шынайылықтың шырайы.

2025 жылдың сәуір айында әдебиет әлеміне бастаған сапарымда көптеген дос тауып, жаңа мүмкіндіктерге ие болдым. 500-ден астам оқушыны оқытып қана қоймай, әрқайсына бағыт-бағдар беріп, көмектесіп, жол сілтеген ағаларым Жұматай Оспанұлы мен Мұхтар Күмісбек. «Мизамға» келгелі жақсы әдеттерге үйір бола бастадым. Күніне 15 минут уақытымды алатын кітап оқу менің сөз саптауымды жақсартты, жарыстарда жүлделі болуыма септігін тигізді. Ең бастысы – әр сабақта біз дана Абай атамызбен дос болдық, сырластық, ақылын тыңдадық. Жұматай ағамыз дана Абайды өзіміздің ақылды атамыздай көруге буалыды. Кітап оқыған жан Абай атамыздың асыл мұрасына үңілмеуі мүмкін емес. «Мизам» сабағынан алған әсеріммен Абай атамның еңбектерін насихаттай бастадым. Осы оймен ғана шектелмей тарихқа, әдебиетке терең үңілдім.

«Жарар» сайтына өзімнің «Мизам» туралы ойларымды, пікірімді және шынайы лебізімді жинақтаған мақаламды жарияладым. «Жетісуда «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі ашылды!» атты мақалам ғаламтор желісінде тұр. Онда «Мизамның» қорытынды кеші қалай өткенін баяндап, эмоцияларыммен бөлістім.

Қазақтың оқуда қалған есесі көп. Мизамға кірмеген өнерлі, өжет жастар жетерлік. Қаңтар айында Панфилов ауданындағы екі жас дарынмен таныстым. Олар – Айгүл мен Әлихан. Әлихан «Тілсіз қыз» деген әңгіме жазыпты. Бұл туралы мен өзімнің «Шимайла» республикалық заманауи журналындағы мақаламда жаздым. Олармен бірігіп, облыстық «Парасат» кітап оқу клубын аштық. 70-тен астам оқушыны кітап оқуға баулып, «Мизамда» санамызға тоқыған формуланы үйреттік. Жоба іске асып, мақсатқа жетудеміз. Осыдан кейін «Неге Сарқанда осындай жоба ашпасқа?»

Ағайларымыз біздерді «Сайыпқыран» деп атайды. Ендеше неге осы атқа сай болмасқа. Сөйтіп, дарынды оқушыларды жинау үшін Азамат пен Жанайыммен біріктім. Үшеуміз сарқандықтардан «сайыпқыран» шығару үшін шамамен 50 баланы қанаттандырып, «Қанаттан» кітап оқу қауымдастығын бастадық. Біз «Отбасы Хрестоматиясы» баспасымен келісімге келіп, маусымда жобаның бірінші маусымын қорытындыладық. Баспа берген 10 кітап Сарқанның 10 қанатты оқушысына табысталды. Бұл оқушылардың ғана емес, біздің де жеңісіміз. «Мизамға» келіп, менің шимайланған ойларым өрнекті өлеңге айналды. Жеке жинағымдағы өлеңдер саны толып келеді. Мизам барда қазақ әдебиеті өлмейді. Ол тек көркейіп, қанатын кеңге жаяды.

Қорытындылай келе, «Мизам» менің журналистік жолымның бастамасы деген шешімге келдім. Себебі ол маған мүмкіндік, жаңа орта, теңіздей терең білім, күш-жігер сыйлады. Алдағы уақытта да көлемді жұмыстар жүргізіліп, «Мизамның» шеңбері кеңейетініне сенімдімін.

Айханым Танысбай,
Екіаша орта мектебінің оқушысы

ТӘУЕКЕЛ ТҮБІ — ЖЕЛҚАЙЫҚ 

«Мизаммен» басталған сапар: кітапқа деген махаббат! Кітап – адамзатты алға жетелейтін бірден-бір құрал. Кітап ішіне тереңнен бойлап оны зейінмен оқысаңыз ой-өрісіңіз дамып қана қоймай қиялыңыз да ұшқыр болады. Кітапты оқу күшті жігер мен ұшқыр талапты қажет етеді.

Менің өмірге және білімге деген көзқарастарымды қалыптастыруда кітаптың маңызы өте жоғары. Рухани әлеуетімді жақсарту жолында кітаптың сырлы әлеміне ендім, бұл жолда «Мизам» мектебінің үлесі ерекше. Өйткені кітап оқу дағдысын қалыптастырып, рухани байлыққа «Мизаммен» бірге жеттім. «Мизамнан» алған әр дәріс пен ағайлардың жігерлендіру сөздері менің кітапқа деген құштарлығымды арттырды. «Мизамның» феномені болған Абай атамызға терең бойлай бастағаннан бері кітапты не үшін оқу керегін түсіндім. Осы ортада рухани байлығымның алғашқы кірпішін қалап берді.

Кітап тұңғиығы терең рухани әлем. Білім тағдырды өзгертеді. Кітапқа деген махаббат руханияттың алтын арқауы, ал «Мизам» сол жолға бағыттаушы Темірқазығым. Осы жолда Санжар Керімбайдың «Өзбекәлі және Мәдени майдан» кітабын оқып, ерекше бір серпін ала бастадым, қатты әсер етті. Өзбекәлі атамыздың алдына қойған мақсаты, соған жету жолындағы жанкешті ерлігі қызықтырды. Осыдан кейін алдыма бір мақсат қойдым. Ол – «OQY» атты жастарға арналған бағдарлама. Бұл жай кітап оқуға ғана арналмайды. Елімізде кітап оқитын мәдениетті қалыптастыру және ұлттық сананы нығайтуға үлес қосатын бағдарлама болса деймін. Элек-тронды және қағаз кітаптарды насихаттайтын платформа, оқырмандар қауымдастығы, кітап талқылайтын ашық орта, ұлттық тұлғалар мен қазақ әдебиетін дәріптейтін білім кеңістігі, ойын элементтері арқылы жастарды кітап оқуға ынталандыратын жүйе жасау. Бұл жобаның ерекшелігі күн сайын дара тұлғалардың нақыл сөздерін оқу, қазақ әдебиеті кейіпкерлерінің заманауи иллюстрациялары, марафондары, пікірталас және кітап клубтары, рейтинг, марапат және жетістік жүйесі. Жасанды интеллект көмегімен кітап ұсыну, кітап оқу және өзі сияқты оқитын орта тауып беру. Бағдарламаның нәтижесі қалай болады білмеймін, бірақ тәуекел етіп, бастап кеттім. Оң нәтиже беретініне сенімім мол!

Азамат Қабдулдин,
№1 мектеп гимназиясының
оқушысы

Қатысты жаңалықтар

Кел, балалар, оқылық

Кел, балалар, оқылық

22.08.2026
Жер бар, жайылым жоқ

Жер бар, жайылым жоқ

22.08.2026
Шағын футбол чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

Шағын футбол чемпионатының жеңімпаздары марапатталды

22.08.2026
Жетісуда алғаш рет бағдарламалау және жасанды интеллект бойынша тегін мектеп ашылды

Жетісуда алғаш рет бағдарламалау және жасанды интеллект бойынша тегін мектеп ашылды

22.08.2026
Қауіпсіздік қалқаны

Қауіпсіздік қалқаны

22.08.2026

«7-su.kz» желілік басылымы

Меншік иесі: ШЖҚ «Жетісу Медиа» МКК

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Жұмахан Балапанов көшесі 28, 4-қабат. Индекс: 65469

Қабылдау бөлімі: 8 (7282) 40-20-64
Жарнама бөлімі: 8 (7282) 40-20-69

Пошта: jetisu2002@mail.ru

«www.7-su.kz» желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникация министрлігі Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 13 ақпанда тіркеліп, №KZ38VPY00064529 куәлігі берілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша сенім телефоны: +7 (777) 388 0990

Facebook Instagram Youtube
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ
  • АРНАЙЫ ЖОБА
© 2011 — 2025 7-su.kz — барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.
No Result
View All Result
  • БАСТЫ БЕТ
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • АРНАЙЫ ЖОБА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАРНАМА
  • ГАЗЕТКЕ ЖАЗЫЛУ

© 2011 - 2025 7-su.kz - барлық авторлық құқық заңмен қорғалған.