ҚАНАТ БОЗЫМБАЕВ ҚОС ОБЛЫСТЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫНА АЛҒЫС АЙТТЫ

Уақыты: 11.06.2022
Оқылды: 1213
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Әлеуметтік желіде жарияланған жазбада Қанат Алдабергенұлы:

"Құрметті Алматы және Жетісу облысының тұрғындары!
Сіздермен бірге жұмыс істегенімді зор мәртебе санаймын. Барлықтарыңызға шын жүректен алғыс айтамын. Бірліктеріңіз ажырамасын. Шаңырақтарыңыз шаттыққа бөленсін. Еліміздің еңсесі әрқашан биік болсын! Қай жерде, қай қызметте жүрсем де ата-бабамның туған жеріне қолымнан келгенше көмегімді аямаймын",
– деп тілегін арнады.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"