ТАЛДЫҚОРҒАНДЫҚТАР ЧЕРНОБЫЛЬ АПАТЫНЫҢ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛДЫ

Уақыты: 26.04.2024
Оқылды: 340
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Бүгін 26 сәуір Халықаралық Чернобыль апатының құрбандарын еске алу күніне орай, «Жеңіс» саябағында талды қаламыздан аттанған жерлестерімізді еске алу шарасы өтті.


Шараға қала әкімі Ернат Бәзіл қатысып, өтен ғасырдың 80 жылдары орын алған апатты көзі көрген, бүгінде ел ағалары болып жүрген жерлестерімізге алғысын білдіріп, өмірден өтіп кеткен ержүрек ағаларымызды бір минут үнсіздікпен еске алып, еңселі ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Естеріңізге салсақ, осыдан 38 жыл бұрын, яғни 1986 жылы 26 сәуірде Украинаның Чернобыль қаласындағы атом-электр станциясының төртінші блогы жарылды. Апаттың зардабын жою жолында жүз мыңдаған сарбаз Отан алдындағы борыштарын атқарды. Алайда олардың көбісі АЭС сепкен ажал уынан құтыла алмады.

Техногенді апатты жою үшін Талдықорған қаласынан 200-ге жуық жастар аттанып, ерлік көрсетіп, жойқын жарылыстың алдын алып, талай жанның өмірін сақтап қалған еді. Бүгінде сол зұлмат апатты көзбен көрген 95 талдықорғандық арамызда жүр.

ТАЛДЫҚОРҒАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ
БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ