БИЫЛ ӘСКЕРИ ШЕРУ ӨТПЕЙДІ. НЕГЕ?

Уақыты: 03.04.2024
Оқылды: 275
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қорғаныс министрлігі биыл мамыр айындағы мерекелер қарсаңында (7 және 9 мамыр) әскери шеру өткізу жоспарланбағанын хабарлады.


 

"Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты 2024 жылы Қазақстанда әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ."

ҚМ баспасөз қызметінің айтуынша, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының талап етілетін деңгейін ұстап тұру шеру өткізуге қарағанда басым маңыздыққа ие.

Еске салайық, дәл осы себеппен 2023 жылы да әскери шеру өтпеген болатын