4 АДАМДЫ ҚҰТҚАРДЫ

Уақыты: 03.04.2024
Оқылды: 285
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Абай облысындағы су тасқынынан зардап шеккен адамдарды құтқару үшін елдің бірнеше аймағынан қосымша күш жұмылдырылуда. Көмекке облысымыздың да құтқарушылары аттанды.


Төтенше жағдайды ауыздықтау үшін облыстан 6 бірлік техника, 4 жүзу құралы, 8 мотопомпа жөнелтіліп, 23 құтқарушы аттанған еді. Жетісулық құтқарушылар көрші облыста тұрғындарды іздестіру және эвакуациялау жұмыстарын атқаруда.

Күні кеше ғана Аягөз ауданындағы шаруа қожалығы аумағынан облысымыздың құтқарушылары 4 адамды құтқарды. Оның 2-уі бала.  Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасады.

Айдар НАЗАРҰЛЫ