Xiaomi компаниясы алғашқы смарт сақинасын шығарды

Уақыты: 16.04.2024
Оқылды: 323
Бөлім: КҮЛТӨБЕ

Қытайлық Xiaomi компаниясы өзінің алғашқы смарт сақинасын шығарғанын жариялады. 


Брендтің әлеуметтік желілерінде құрылғының тизері көрсетілді. Black Shark сақинасы металдан жасалған, профилінің қалыңдығы 2,2 миллиметр.  Гаджет жүрек соғу жиілігін, қанның оттегімен қанығу деңгейін және дене температурасын өлшей алады.

Компания сақина бір зарядта 180 күнге дейін жұмыс істей алатынын атап өтті. Құрылғыда зарядтауға арналған қорап бар. Xiaomi өкілдері сақинаның басқа сипаттамаларын, бағасын және шығу күнін кейінірек айтуға уәде берді.

Ақпан айының соңында оңтүстік Кореяның Samsung корпорациясы MWC 2024 көрмесінде Galaxy Ring смарт сақинасын ұсынды. Құрылғы жүріп өткен қашықтықты, пульсті, тыныс алу жылдамдығын және ұйқының сапасын жазуға мүмкіндік береді. Смарт сақинаның шығу күні мен құны жарияланбады.