ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ АШЫҚ ПА? ҚАЙСЫСЫ ІСТЕМЕЙДІ?

Уақыты: 15.01.2022
Оқылды: 1160
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Алматы облысының Халыққа қызмет көрсету орталықтары 12 қаңтардан бері жұмыс істеп тұр. Бұл туралы "Жетісу" газеті хабарлады.

Бүгінде клиенттерге  барлық мемлекеттік қызмет қолжетімді. Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі дүйсенбі мен жұма аралығында, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін үзіліссіз ашық болады.

"Әзірге  Алматы облысы бойынша барлық мамандандырылған ХҚО-лардың (автоЦОН) жұмысы тоқтап тұр. Автоқызметтердің қашан жұмыс істейтіні туралы ақпарат қосымша хабарланады", - делінген ХҚО өкілдері таратқан ресми хабарламада.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"