Соңғы қоңырау 1 маусымға ауысты

Уақыты: 25.05.2023
Оқылды: 1300
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектептердегі соңғы қоңырау іс-шарасын 25 мамырға қайтаруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлады 7-su.kz желілік басылымы Halyq Uni сайтына сілтеме жасап.

«Бұл мәселе бойынша мамандар шешім қабылдауы керек. Өйткені, бұл (соңғы қоңырауды) тек 25 мамырға айырбастай салу емес. Бұл нақты мемлекеттік стандарттың, бағдарламаның 36 аптаға созылуына қатысты. (Соңғы қоңырауды – автор) қалпына келтіру басқа өзгерістер алып келеді, яғни 6 күндік оқу жоспарына (ауысу) немесе пәндегі оқу сағаттарын қысқарту. Бұл жай ғана қайтара салатын дүние емес. Білім саласында мұндай шешімді қабылдауға жіті, дұрыс сараптама жүргізілуі керек», - деді министр Үкімет сағатына соң.

Бұдан былай Қазақстанда 1 маусымда оқушылары Халықаралық балаларды қорғау күнімен қатар соңғы қоңырау мерекесін атап өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова айтты.

Қазақстанда оқу жылының ұзақтығы 36 апта. Дәстүр бойынша оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, биылдан бастап 31 мамырда аяқталады, - деді комитет басшысы.

Осыған дейін Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай Қазақстанда оқушылардың соңғы қоңырау мерекеін 31 мамырдан басқа күнге ауыстыруды ұсынған еді. Себебі, 31 мамыр – ашаршылық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні.

Сурет ғаламтордан алынды