ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫ ДӘРІПТЕЛДІ

Уақыты: 09.12.2023
Оқылды: 917
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Ұрпақтардың өзара достығы, олардың бір-біріне деген пейілі мен көңілі әрқашанда маңызды. Бүгінгі күні өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде заманауи білім берумен қатар баланың рухани мәдениетін арттырып, дүниетанымын қалыптастыруда мектептің үлесі орасан зор.

«Жамбылтану»  курс бағдарламасы шеңберінде «Менің пірім – Сүйінбай»  тақырыбында 9-сынып оқушылары сабақ өтті. Олар Сүйінбай мен Жамбылды даралайтын қай қырлары,  Қос ақынның арасында дәстүр сабақтастығы бар ма деген сұрақ төңірегінде әңгіме өрбітті. Сабақ рухани құндылықтарды насихаттауымен ерекшеленді.

Білім алу барысында «Менің пірім – Сүйінбай»  өлеңін талдата оқытуда, оқушылардың айрықша ынтамен оқуы байқалды. Жамбыл ұстаз тұтқан әйгілі ақын, айтыс өнерінің майталманы Сүйінбай Аронұлы туралы мәліметтерді оқушылар іздену,  зерттеу әдістерімен аша білді.  Сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене қатысқан Сүйінбайдың қазақ әдебиетіндегі орнымен танысты. Сонымен қатар, «Сүйінбай мен Қатаған» айтысы,  «Жамбыл  мен Құлмамбет» айтысына талдау жасалынды.  Екі ақынның  да эпикалық ақын ретінде халықтың әртүрлі  жыр-дастандарын таңды таңға ұрып айтатын ерекшелігін сабақтастыра айтылды. Сүйінбайды  тек Жамбыл ғана емес, оның айналасындағы  ақындардың  барлығы дерлік ұстаз тұтқан.  Сүйінбайдың   айтыстары  мен  дастандарын  жатқа  айту  арқылы   Жетісу жерінде  жыршылық,  жыраулық  мектептің  негізін қалағанын  іздену әдістерімен салыстыра көрсетілді.

«Жамбылтану» курсы аямында өткен сабақ оқушылардың қазақ әдебиетіне деген  сүйіспеншілігін оятты.

Күлтай  Сағымбаева,
«Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектептің қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі
Бақтыбай ауылы
Ескелді ауданы.