Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Әмір Әбділдин мен Нұрсұлтан Ерланұлы Халықаралық Жәутіков олимпиадасының жүлдегері атанды.
Жыл сайынғы халықаралық Жәутіков олимпиадасы –Қазақстанда өткізілетін ең беделді білім беру іс-шараларының бірі.
Әлемнің жиырмадан аса елінің талантты қатысушылары математика, физика және информатика бойынша күрделі тапсырмаларды шешеді. Бұл жолы зияткерлік сайысқа 700-ден аса оқушы қатысты. Олимпиада осы іс-шараны 20 жыл бойы ұйымдастырған республикалық физика-математика мектебінің базасында өтті. Қатысушылар алдында ҚР Білім министрі Ғани Бейсембаев сөз сөйледі. Ол жас вундеркиндтерді құттықтап, олимпиадаға қатысу үлкен мүмкіндіктер ашатынын және жаңа жетістіктер үшін бастапқы алаң болып табылатынын сөз етті.
Халықаралық қазылар алқасын Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Оңтүстік Корея, Қытай және АҚШ сияқты жеті елдің мамандары таныстырды. Қазылар алқасының төрағасы, ҚР Президенті жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті, академик Асқар Жұмаділдаев олимпиаданы Алматыда өткізу 2005 жылдан бері жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті.
Жарыс нәтижесі бойынша Әмір Әбділдин NIS-тің 12-сынып оқушысы математикадан алтын жеңіп алды. Ол Жәутіков байқауына алғаш рет қатысып отырған жоқ, 10-сыныпта қола жүлдегер болды. Сондай-ақ, жетістіктер қоржынында республикалық пәндік және информатикадан Халықаралық Еуразиялық олимпиадалар бойынша екі қола бар.
Жоғарыда аталған информатика пәнінен өткен олимпиадада 11- сынып оқушысы Нұрсұлтан Ерланұлы «информатика» секциясында қола жүлдеге ие болды. Өткен жылы ол осы байқаудан күміс алған еді. Халықаралық олимпиаданың жеңімпазы, дарынды математик Әмір Әбділдиннің айтуынша, мұндай олимпиадалар ынтымақтастықты дамытып, командалық рух пен ойлау жылдамдығын қалыптастыруға ықпал етпек.
Айгүл Байжұмақызы
Талдықорған қаласы
Фото: bilimdinews.kz