ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУДЫҢ ЖАҢА ҚҰРАЛЫ

Уақыты: 16.02.2024
Оқылды: 569
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қаңтар айында ХҚКО-лар арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы алуға 1200-ден астам өтініш қабылдады.

Бұл қауіпті өндірістегі жұмысшыларды әлеуметтік қолдаудың жаңа құралы. Бүгінде республикалық бюджеттен үміткерлерге 160 миллион теңгеден астам қаражат төленді.  

Еңбек жағдайы зиянды жұмыскерлерге арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы мөлшері екі күнкөріс деңгейін қамтиды. Ол 55 жастан асқан адамдарға тағайындалады және зейнеткерлік жасқа дейін төленеді.

Жәрдемақы алу үшін БЖЗҚ-да кемінде 7 жыл міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары болуы керек.

Ақбота Оқасова
“Азаматтарга арналган үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕАҚ

Жетісу облысы бойынша филиалының PR-менеджері