Жетісу облысының азаматтары 19 млрд. теңге әлеуметтік төлем алды

Уақыты: 14.03.2024
Оқылды: 628
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Қазақстанда 2005 жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры атынан жұмыс істейтін азаматтар үшін қамсыздандырудың қосымша деңгейін қамтамасыз ететін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілген болатын. Жүйенің қалыптасу жылдарында Жетісу облысы бойынша қатысушыларының саны 156 мың адамға жеткен. Осыған байланысты өткен жылы облыста 41 мыңға жуық адам қордан жалпы сомасы 19,7 млрд. теңгеге әлеуметтік төлем алған.  Бұл туралы «МӘСҚ  АҚ  өңірлік  филиалының  директоры  Эльмира Боранбек нақты мәліметтермен бөлісті.

Өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында айтылған әлеуметтік  төлем  түрлеріне  тоқталсақ,  жүйе азаматтардың еңбекке қабілеттілігінен және асыраушысынан айырылуы бойынша екі ұзақ мерзімді төлемді көздейді. Бұл қаражат бюджеттен тағайындалатын осыған  ұқсас  мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша қордан төленеді.

 – «Нақтырақ айтқанда 2023 жылы мұндай төлемдерді мүгедектігі бар 2,5 мың жұмыс істейтін азамат және асыраушысынан айырылған 2,1 мың отбасы алды. 2023 жылы көрсетілген төлемдердің тағайындалған мөлшерінің жылдық мәнде 23% - ға екі реттік өсуін ескере отырып, бұл мақсаттарға қордан 945 млн. теңгеден астам қаржы бағытталды», - деді Эльмира Боранбек.

Мамандардың мәліметінше, 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен еңбекке  қабілеттілігінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы бойынша ұзақ мерзімді төлемдердің мөлшері тағы да 7 пайызға өскен. Сондай-ақ, қор жұмысынан айырылу жағдайы бойынша жүйеге қатысушыға жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап тағайындайды. Айта кетейік, 2023  жылы облыс бойынша 8,7 мың адам 1,3 млрд. теңге жуық төлем алған.

Қор директорынің айтуынша, жүктілікке және босануға, қордан жаңа туған баланы асырап алуға байланысты  кірісінен  айырылу  жағдайы  бойынша әлеуметтік төлем жүктілігі және босануы бойынша берілген демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Осыған сәйкес,  2023 жылы облыста 8,6 мың болашақ анаға 8,7 млрд. теңге біржолғы төлем алған.

Сонымен қатар, аталған кезеңде облыста 18,9 мың адам бала күтіміне байланысты кірісінен айырылуы жағдайына сәйкес әлеуметтік төлемге ие болп, оларға қордан  8,2 млрд.теңге берілген. Осылайша, облыс бойынша төлемдердің 90%-ы ана мен баланы қолдау мақсатында жүзеге асырылған.

«Қазіргі уақытта мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге «Үйден шықпай-ақ» жүгіну үшін бар жағдай жасалған. Сонымен бірге «Бір терезе» қағидаты бойынша композиттік қызметтер іске асырылуда. Мәселен, еңбекке қабілеттілігінен айырылуы бойынша төлемді медициналық-әлеуметтік сараптама арқылы, мүгедектігі анықталған кезде бірден, жұмысынан айырылу бойынша төлемді - мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген кезде немесе enbek.kz. «Электрондық еңбек биржасы» порталы арқылы алуға болады. Егер мансап орталығында тіркелген болса, онда өтініш беру үшін egov.kz «электрондық үкімет» порталы қолжетімді болады», - деп түсіндірді қордың бас маманы қорытындылады Бауыржан Қабдрахманов.

Айдын КӘЛІМХАН