Елімізде зейнетақының орташа мөлшері анықталды

Уақыты: 27.03.2024
Оқылды: 1424
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Елімізде зейнетақы көлемінің орташа мөлшері анықталды, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы.

2024 жылдың 1 наурызындағы мәлімет бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының жеке және шартты шоттарында 18,5 трлн теңге зейнетақы жинағы бар екені анықталды.

Жыл басынан бері олардың өсімі 641 млрд теңгеден асқан. Өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда зейнетақы жинағының көлемі шамамен 3,4 трлн теңгеге өсіп отырғаны байқалды.

Сондай-ақ елімізде зейнетақының орташа мөлшері де белгілі болды.

"2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 852 теңге болған, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 90 091 теңге, базалық зейнетақы – 42 761 теңге", - делінген хабарламада.

Фото: iagorod.kz