ӘКІМ ЕСЕБІ: КЕҢЖЫРАҒА КЛУБ САЛЫНСА...

Уақыты: 01.02.2019
Оқылды: 1593
Бөлім: ӘЛЕУМЕТ

Кеңжыра ауылында Ақсу ауданы әкімі Есім Базархановтың тұрғындар алдында есеп беру жиыны өтті.

Кездесуге аудандық мәслихат, бөлім, мекеме басшылары келді. Қарасу ауылдық округінің әкімі Тәңірберген Арғынбаев тұрғындар алдында атқарылған іс-шара бойынша баяндама жасады. Есім Сейілханұлы тұрғындар назарына 2018 жылдың қорытынды есебін ұсынып, биыл атқарылатын аудандық жоспарды таныстырды.

Ауыл тұрғындары тарапынан бірнеше  сауал қойылды. Соның ішінде Еңбек ауылының тұрғыны Бекболат Атамбаев су тарту мәселесінің ұзақ жыл бойы бітпей жатқанын және жастар жылына орай ауылға жастар баратын клуб салып беру мәселелерін ортаға салды. Ауыл ақсақалы Ж.Жабайханов денсаулық саласы бойынша дәрігерлердің тапшылығын айтса, Н.Байысов Тарас ауылына салынған жаңа мектеп үшін ризашылығын жеткізді.

Жиын соңында халық бірауыздан қанағаттанарлық деген баға берді.

Гүлжан ТҰРСЫН

Ақсу ауданы