ТАЛАПКЕР НАЗАРЫНА! ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ СІЗДІ АСЫҒА КҮТЕДІ

Уақыты: 23.04.2021
Оқылды: 1821
Бөлім: РУХАНИЯТ

Бүгінгі таңда білім саласында қызмет ететін әрбір педагог жаңару үрдісін өзінің іс-тәжірибесіне енгізуге асығуда. Өйткені, өркениетті елдің білім саясаты новатор педагогтың тың көзқарасын қажет ететіні анық.

Сондықтан, білім беру үдерісін басқарудың жаңа технологияларын дамыту тенденциясы пайда болған кезеңде педагог инновациялық әдістердің оңтайлы үйлесімін табу арқылы білім беру үдерісін технологиялармен басқарып, кемел тұлға моделі негізінде «Шебер педагог» дәрежесіне жетуді мақсат етеді.

Кемел тұлға моделінің үлгісінің көрінісі ретіндегі «Шебер педагог» жаңашылдық өзгерістерге бет алу қызметін атқаруда техникалық сауатты болу үшін кәсіби құзыреттілігін арттыруы шарт. Себебі, АКТ-ны білім беруде жүзеге асырудың әсерінен білім беру үдерісінде оқытушылардың рөлі айтарлықтай өзгереді.

Осы орайда, еліміздің үздік ЖОО-ның бірі, 2020 жылы QS жаһандық рейтингінің қорытындысы бойынша жетекші университеттер тізімінде 165-орын иеленіп, әлемдегі ең үздік 200 университеттің қатарына кірген әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім беру саласында “Педагогика. Білім берудегі менеджмент” деп аталатын жаңа бағыт ашылғандығы туралы хабардар ету парызымыз деп білеміз.

Аталған мамандықты игеруде сіз оқу үдерісінде білім беру бағдарламаларын басқару әдіс-тәсілдерін даярлауды, көпшілік алдында сөз сөйлеуді, инновациялық технологиялар негізінде кикілжіңдерді шешудің әртүрлі тәсілдерін меңгере аласыз. Сондықтан, құрметті оқуға түсушілер, сіздерді жаңа модернизацияланған заман талаптарына сай келетін мамандық игеруге шақырамыз.

Н.АЛҒОЖАЕВА,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры

Н.ӘСІЛБЕК,

аға оқытушы

А.БАХЫТЖАН,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ "Педагогика. Білім берудегі менеджмент" мамандығының 1-курс магистрант