Медициналық бұйымдар шығарады

Уақыты: 06.12.2023
Оқылды: 1527
Бөлім: ОН САУСАҚ

Медисон-2008 ЖШС медициналық мақсаттағы формалар мен жиһаз, жабдықтар шығарумен айналысады.

Талдықорған қаласында орналасқан компания өзінің қуатты өндірістік базасына ие. Онда 50-ден аса білікті маман жұмыс істейді. Олар әсіресе өнімнің сапалы шығуына ерекше мән береді. Бұл жерден медициналық кереует, арба, диван, үстел, дәрі-дәрмек сақтауға арналған шкаф сияқты медициналық жиһаздың небір түрі бар.

Сондай-ақ, өндірісті одан әрі дамыту үшін компания  мемлекеттік қолдауды пайдалана отырып, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде «Нұр Банк» АҚ-дан несие алды. Кәсіпкер үшін несие мөлшерлемесі жылдық 8%-ы құрайды.

Компания жетекшісі Алексей Шайкин алдағы уақытта медициналық мекемелерді техникалық жабдықтауды ғана емес, сонымен бірге медициналық киім тігумен айналысатын қызметкерлердің жұмыс үдерісін оңтайландыруды ойға алуда.

Айгүл Байжұмақызы
Талдықорған қаласы
Фото: medteh-tk.kz