БАР ЖАҚСЫЛЫҚ - БАЛАҒА! ҚОНАЕВ ҚАЛАСЫНДА ТЕГІН ОҚУ ҚҰРАЛДАРЫ ТАРАТЫЛДЫ

Уақыты: 03.09.2022
Оқылды: 1761

Қонаев қаласындағы №4 орта мектепте «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қоры бірқатар мектеп оқушыларына оқуға қажет керек-жарақтар мен рюкзактар таратты.

Іс-шара барысында «Салиқалы ұрпақ» қорының директоры Қасым Қасабековке Алғыс хат табыс етілді. Аталған қор директоры өзінің алғысын білдіре отырып, олардың ұжымы жыл сайын балалар лагеріне қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып, пандемия кезінде 1 мың компьютер таратқанын айтып өтті.

– Біз 7 жыл бойы жұмыс істеп келеміз. Білім саласына да ерекше көңіл бөлеміз. Биылғы біздің мақсат – балаларды мектепке қажетті керек-жарақтармен қамтамасыз ету. Рюкзакта баланың оқу құралдары бар. Біз ұлдар мен қыздарға керекті заттың бәрін жинап, сыныптарға бөлдік. 1 мың оқу құралының 500-і кіші сыныптарға, 250-і орта сыныптарға және 250-і жоғары сыныптарға арналған, – дейді Қасым Қасабеков.

Іс-шара соңы №4 мектептің дарынды оқушылары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

Айгүл БАЙБОСЫНОВА

Қонаев қаласы,

Алматы облысы