IQ деңгейін  көрсететін әдеттер

Уақыты: 27.04.2024
Оқылды: 288
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Психологтар адамның жоғары IQ деңгейін білдіретін алты әдетті атады. IQ тестілерінсіз-ақ интеллект дәрежесін қалай анықтауға болатыны белгілі болды. 

Адамда ақыл-ой тереңдігін білдіретін белгілер мен сипаттамалар болады. Интеллект – бұл күрделі әртүрлі мағына беретін ұғым. Оны әрдайым стандартты IQ тестілерімен өлшеуге келмейді. Біз ресми тестілерді қолданбай-ақ интеллект дәрежесін анықтауға көмектесетін бірнеше белгілерді қарастырамыз. 

ИНТЕЛЛЕКТІСІ ЖОҒАРЫ АДАМ әдетте әртүрлі тақырыпқа қызығушылық танытады және жаңа дүниені үйренуге құлшынысы басым. Сондай-ақ, кең көзқарас таныта алады, әртүрлі сала бойынша білімін тереңдетуге құмар. Ойлау қабілеті жоғары және проблемаларды қиналмай, жан-жақты ойластырып шеше алады. Қиялы дамыған және тың идеялар таба біледі. 

ЭМОЦИОНАЛДЫ ИНТЕЛЛЕКТІҢ болуы интеллектің жоғары деңгейін көрсетеді. Ондай адам өзінің де, өзгенің де эмоциясын түсініп, басқара алады. Қиын жағдайда сындарлы шешім тауып, қабылдауға мүмкіндігі жетеді. Жақсы аналитикалық қабілеттер мен логикалық ойлау және ақпаратты талдау негізінде қорытынды жасау, өзін-өзі бақылау, тәрбиелеу, салмақты шешім қабылдау, жаңа нәрселерді тез үйрену, өзгеріске жылдам бейімделу және өзін-өзі үнемі дамыта білу жоғары интеллектінің белгілерін көрсетеді.

Ескерту: материал интернет парақшаларынан дайындалды.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: ru.freepik.com