ТУҒАН ЖЕРІМІЗДІҢ ТАЗАЛЫҒЫ ӨЗ ҚОЛЫМЫЗДА.

Уақыты: 10.04.2024
Оқылды: 310

"ТАЗА ҚАЛА - ТАЛДЫҚОРҒАН" акциясы аясында Талдықорған тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімімен қала аумағында арық жүйелерін құм-қайырдан тазалау жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда жалпы 22 шакырымға жуық арық жүйелері мен көпір өткелдері тазартылды.Аталған игі шараға 20 адам және 5 техника жұмылдырылды.

Айта кетерлігі, қала бойынша 384 шақырымға жуық арық желілері бар, олардың барлығы мамырдың бірінші жұлдызына дейін тазартылып, жыл бойы тазалығы үнемі бақылауда болады дейді әкімдік өкілдері.