Жетісулық жол мамандары Атырауға аттанды

Уақыты: 11.04.2024
Оқылды: 325

Бүгінде еліміздің батыс өңірлеріндегі болып жатқан су тасқыны жалпы жұртты алаңдатып отырғаны белгілі. Атыраудағы апатты аймаққа  «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Жетісу облыстық филиалы және «ҚАЖсервис» ЖШС қажетті техникалар мен білікті мамандарын аттандырды.

 «ҚазАвтоЖол» Жетісу облыстық филиалының директоры Нұрхат Ақылтаев көмекке жолға шығып бара жатқан құрамдағы азаматтарға ақ жол тілеп, ізгі ниетін жеткізді.

– Апат айтып келмейді. Табиғи апаттан жапа шекккендерге жәрдемдесу барлығымыздың азаматтық парызымыз. Бүгін Атырау облысына біздің білікті мамандардан жасақталған арнайы құрам мен бірге төрт жүк көлігі, үш арнайы техника жөнелтілді. Жұмысшылар мұнайлы өлкедегі су тасқынының зардаптарын жоюға атсалысады. Сонымен қатар олар ондағы бөгет, тоспа дайындау сынды шаруаларды атқарып, су шайып кеткен жолдарды қалпына келтіретін болады. Бастысы еліміз аман, жеріміз тыныш болып, қиындыққа ұшыраған халқымызға Алла сабыр берсін, біз қашанда біргеміз! –деді . 

                                                                           Айдын КӘЛІМХАН