Жетісулық мешіттерден гуманитарлық көмек жөнелтілді

Уақыты: 15.04.2024
Оқылды: 249

Қиналғанға қол ұшын беру азаттық парыз. Жетісу жеріндегі мешіт имамдарының ұйымдастыруыда өңір жамағаттарының қолдауымен батыс Қазақстан облысындағы су тасқыннан зардап шеккен жұртқа 9 миллион теңге қаржылай, 40 тонна  заттай көмек  жіберілді.

Аймақтың бас имамы Керімбек Дәуітовтің  сөзінше, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас муфти Наурызбай қажы Тағанұлының тікелей тапсырмасына сай қолға алынған бұл қайырымдылық шарасына аймақтағы әрбір жамағат атсалысқан. «Көп түкірсе көл» деген. Соның нәтижесінде апат болған аймақтағы ағайынға аз уақыт ішінде 9 миллион теңге қаржы және екі жүк көлігі болатын  қажетті заттар жиналды.

 – Мұндағы екі жүк көлігіне негізінен апатқа ұшыраған халыққа ең қажетті күнделікті азық-түлік, киім-кешек, киіз үйлер, су қайықтары, күрек-саймандар, 100 мыңға жуық қап сынды 40 тонна зат тиелген. Бұл заттар және  Жетісу жамағаттары атынан жиналған 9 миллион теңгенің сертификаты апат болған аймаққа жеткізілген соң ондағы өкілдік арқылы жұртқа табысталатын болады. Жалпы  жатаушы Алла апатқа ұшыраған жұртқа сабыр және жеңілдік берсін, еліміз аман, жеріміз тыныш болсын, – деді бас имам.

                                                                                  Айдын КӘЛІМХАН