Сарқан қаласындағы алаш қайраткері Мұхамеджан Тынышбаев ескерткіші аумағы тазартылды

Уақыты: 16.04.2024
Оқылды: 256

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аудандағы барлық кент және ауылдық округтердегі тарихи-мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстарына арналды. Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған шараны, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы да қолдап, науқанға барша жұртты қатысуға шақырған болатын.

Осыған сәйкес, 12 сәуір күні аудан еріктілері мен жастар, ардагерлер және қоғам белсенділерінің қатысуымен Сарқан қаласындағы алаш қайраткері Мұхамеджан Тынышбаев ескерткіші аумағын ретке келтіру, абаттандыру сонымен қатар орталық көшелерді күл-қоқыстан тазалау жұмыстары да жүргізілді.

Сол сияқты «Таза өлке” атауымен өткізілген сенбілікте қала, аудан тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме қызметкерлері, кәсіпорындар өз аумақтарын тазалап, санитарлық тазарту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда тұрмыстық қоқыстарды жинап, арық жүйелерін терендету, түскен жапырақтарды және құрап қалған ағаштарын кесу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 100-ге жуық қала тұрғындары қатысқан сенбілікте жалпы 7 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған бұл акцияға аудан халқы белсенді қатысуда. "Таза болса табиғат, аман болар адамзат" дегендей, аудан тұрғындарын қоршаған ортаны ластамай, тазалық акциясының алдағы науқанына да белсенді атсалысуға шақырамыз.

Жақсылық ЖОМАРТҰЛЫ,

Сарқан ауданы.