Ардагерлер 30 түп ағаш екті

Уақыты: 16.04.2024
Оқылды: 198

Көктемгі тазалық айлығына Талдықорған қаласындағы облыстық мекемелер мен ұйымдарда белсене атсалысуда. Бүгін Ардагерлер саябағына жиналған облыстық және қалалық ардаегрлер ұйымындағы ақсақалдар мен аналарымыз көпке өнеге болар игілікті істің өрнегін көрсетті.

Жалпы, тазалық қимылына 50-ге жуық ардаегер жиналып, саябаққа 30 түп жөке ағашын екті. Сондай-ақ, жолдарды тазалап, шашылып жатқан қоқыстарды жинастырып, қураған ағаш бұтақтарын отап, саябақты айнадай еьіп тазалап шықты.

Сонымен қатар, саябақты абаттандыру мен демалуға қолайлы жағдай жасау туралы ұсыныс-пікірлерімен бөлісіп, алдағы уақытта құзырлы орындарға өздерінің талап-тілегін білдіретін болып тарады.