Өнер ұжымдары да белсенді

Уақыты: 16.04.2024
Оқылды: 254

"Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясының "Киелі мекен" апталығына қаладағы өнер ұжымдары да белсене қатысты. Дәнеш Рақышеа атындағы облыстық филармонияның ұжымының осындай игілікті жұмысына куә болдық.

Олар филармония ғимараты орналасқан Абылайхан және Төлебаев көшелерінің бойын толығымен қоқыстан арылтып, ғимараттың кіреберісіндегі аумақты тазалап шықты.

Қоқыстар белгіленген жерге жеткізіліп, жол бойындағы тас-қиыршықтары жиналды. Ғимарат ауласындағы ретсіз құрылғыларды реттеп, есік-терезе сүртіліп, бүлінген баспалдақтар қалпына келтірілді.