ҚОРА, ШАЖА, ТЕКЕЛІ ӨЗЕНДЕРІНІҢ АУМАҒЫ ТАЗАРТЫЛДЫ

Уақыты: 10.05.2024
Оқылды: 292

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Мөлдір бұлақ» апталығына Текелі қаласының тұрғындары белсене атсалысты.

Туған жердің табиғатын түлетуге бағытталған акцияның ағымдағы аптасы өзен, көлдер маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп, жағажайларды қоқыстан тазартуға бағытталған. Өңір тұрғындары тұмса табиғатына тамсанатын Қора, Шажа, Текелі өзендерінің бойын қоқыстан тазартуға еріктілер, эко-белсенділер мен жалпы қала тұрғындары қатысты.

 Сурет: polinka.top