ЖАРКЕНТ ӨҢІРІНДЕ 2-3 БАЛДЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІ СЕЗІЛДІ - ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

Уақыты: 30.10.2022
Оқылды: 1707
Бөлім: КҮНДЕРЕК

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі түнгі 00 сағат 08 минутта Жетісу облысында жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 241 шақырым қашықтықта, Панфиловв ауданы аумағында орналасқан. Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты – 10,5. MPV магнитудасы – 4,9. Тереңдігі – 25 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша жер сілкінісі Қоңырөлең ауылында 2-3 балл, Жаркент қаласында 2 баллмен сезілген.

"ЖЕТІСУ-АҚПАРАТ"