Оңаша қалу да пайдалы

Уақыты: 27.04.2024
Оқылды: 349
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Омар Хайям неліктен жалғыздықта өмір сүрудің жақсы екенін түсіндірген. 

Парсы ақыны, математигі, астрономы және философы Омар Хайям осыдан 1000 жыл бұрын өмір сүрген. Бірақ, ол өмір, махаббат, өлім, даналық және болмыстың мағынасы туралы әлі күнге дейін терең ойлылығымен әйгілі. Омар Хайям өз заманының ең ұлы ақындарының бірі. Оның өлеңдері  бүкіл әлемге танымал және ол жүздеген тілге аударылып, көптеген елде жарық көрді. Әр жастағы ұлт өкілдерінің жүрегінен орын тапты. 

Қарапайым әрі түсінікті тілде жазылған өлеңдері даналық пен терең ойларға толы әрі өзекті тақырыптарды қозғады. Ұлы ақын адамның жан дүниесіне де терең үңіле білген. Ол сол кездің өзінде-ақ адамның басқалармен және қоғаммен қарым-қатынасы тұрғысында жиі ойлаған. Адамның қоғамда өз орнын таба білуінің қаншалықты қиын екенін де айтқан. Егер адам белгілі тұлға болса, онда ол сөзсіз басқалардың қызғанышын немесе ызасын тудырады. 

Ал жұмбақ жағдайда өмір сүрсе, онда оған күдікпен қарай бастайды. Сол себепті Омар Хайям адамдардан мейлінше аулақ жүріп, жеке өмір сүрудің соншалықты қиын екенін білсе де оның пайдалы әрі қауіпсіз екеніне көз жеткізген. Жалғыздықта адам көбіне айыптаудан немесе сыннан аулақ болады. Осының бәрін саралай келе ол өзінің даналығы мен даралығын сақтай отырып, біле білген адамға оңаша өмір сүрудің қаншалықты тиімді екенін терең сезініп, ұғынған.

Ескерту: материал интернет парақшаларынан дайындалды.

"Жетісу-Ақпарат"
Фото: 
sport24.ru