АЛМАТЫ ЖӘНЕ ЖЕТІСУ ОБЛЫСТАРЫНДА ТҰМАН ТҮСІП, ЖЕЛ СОҒУЫ МҮМКІН

Уақыты: 01.11.2022
Оқылды: 1182
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Алматы және Жетісу облыстарының төтенше жағдайлар департаменті ауа райына қатысты алдын ала ескерту жариялады.

"Қазгидромет" РМК ескертуінің негізінде 2 қараша күні Алматы облысының таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Желдің екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Сондай-ақ,  Жетісу өңірінің таулы аудандарында да тұман күтіледі. Ал Алакөл маңында 15-20 м/с екпінмен шығыстан жел тұруы мүмкін.

Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды ауа райының өзгеруін бақылауға және сақтық шараларын ұстануға шақырады.

"АЛАТАУ-АҚПАРАТ"