Сақтаныңыз. Өрт қауіпі бар аймақтар аталды

Уақыты: 31.07.2023
Оқылды: 434
Бөлім: КҮНДЕРЕК

Әдеттегідей атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Кей өңірлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды 7-su.kz желілік басылымы «Қазгидромет» РМК дерегіне сүйеніп. 

Аталған ұйым мәліметінше, тек республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанған. Жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл соғады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Жетісу, Ұлытау облыстарында, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарының оңтүстігінде, Абай облысында күндіз 35-42 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде күндіз 40°С қатты ыстық болады.

Солтүстік Қазақстан облысында, батыста, солтүстік-батыста, Батыс Қазақстан облысының орталығында өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында, Ұлытау, Жетісу, Абай облыстарында, Қостанайдың оңтүстігінде, Атыраудың батысында, Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында төтенше өрт қаупі бар.

Фото:  көрнекілікке алынды